Ақмола командасы «Senat Open» шахмат турнирінің жартылай финалында жеңімпаз атанды!

Ақмола командасы «Senat Open» шахмат турнирінің жартылай финалында жеңімпаз атанды!

2025 жылғы 4 шілдеде Көкшетауда шахматтан ауқымды жарыста еліміздің төрт солтүстік өңірінен қатысушылар жиналды.

Естеріңізге сала кетейік, "Senat Open" турнирінің бастамашысы ҚР Парламентінің төрағасы Мәулен Әшімбаев, оны қолдаған - KazChess / Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.

 Екінші рет өткізілген турнир талантты шахматшыларды - жаңадан ойнай бастаған мен тәжірибелі шеберлерді біріктірді.

Облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтпаев жарыстың салтанатты ашылуында қатысушыларға әділ ойын және әдемі комбинациялар тіледі.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі шахматқа ерекше көңіл бөледі, шахмат - адамның ақыл-ойы мен коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік беретін бірегей спорт түрі», - деп атап өтті Досұлан Айтбаев турнирді ашылуында.

Сондай-ақ, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау сөзімен Парламент Сенатының депутаты Талғат Жүнісов сөз сөйледі.

Турнирдің ашылуы барысында Қазақстан шахмат федерациясы Төралқасының шешімімен Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов «Үлес» медалі және күміс құрмет белгісімен марапатталды. Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов та осындай белгісімен ерекшеленді.

«Күні бойы жарқын және қарқынды күрестің, жоғары дайындық деңгейінің және шахматқа деген шынайы құмарлықтың куәгері болдық. Шахмат тақтасында 140-тай  қатысушы - Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, ардагерлері мен БАҚ өкілдері кездесті», - деп атап өтті өз сөзінде Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов.

Ұйымдастырушылар тек абсолютті есеп бойынша ғана емес, алты арнайы номинация бойынша да марапаттар табыстады:

Ардагерлер арасында - Николаев Валерий (Қостанай облысы).

Әйелдер арасында - Жаманбалиева Рашиля (Павлодар облысы).

Үздік депутат / мәслихат қызметкері - Жүсіпов Мереке (Ақмола облысы).

Үздік мемлекеттік қызметші - Аракелов Андрей (Солтүстік Қазақстан облысы).

Қоғамдық кеңестің үздік мүшесі - Бақтыбаев Баянбек (Ақмола облысы).

БАҚ - ның үздік өкілі - Қостоев Башир (Павлодар облысы).

Турнир қорытындысы бойынша 38 шахматшы финалға қатысу құқығына ие болды.

 Ұйымдастырушылық пен шеберліктің жоғары деңгейін көрсеткен Ақмола облысының командасы үздік атанып - "Құрметті күміс белгі"-сін алды.

 Айта кетейік, жартылай финал Швейцария жүйесі бойынша 9 турда бір айналымға 10 мин+5 секунд рапид уақытын бақылаумен өтті.

Бұл турнир тек шахмат қауымдастығы үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды дәстүрге айналды.