Мәслихат төрағасының БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтауы

Мәслихат төрағасының БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтауы

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

 

Ақмола облысының депутаттық корпусы атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бұқаралық ақпарат құралдары - қазіргі қоғамның ажырамас бөлігі. Қарқынды өзгерістер, цифрландыру және ақпарат ағыны дәуірінде сіздер шындықты жеткізіп, қоғамдық пікір қалыптастырасыздар, мәдени және рухани құндылықтарды сақтайсыздар.

БАҚ тек жаңалық таратушы емес. Бұл біздің күнделікті өміріміздің, жетістіктер мен қиындықтарымыздың, үміттеріміздің айнасы. Журналистер, редакторлар, операторлар, корреспонденттер - күн сайын, кейде қиын жағдайда, кәсіби этиканы сақтай отырып және объективтілікке ұмтыла отырып, өз жұмыстарын адал орындайтын жандар.

Бұл күні біз шынайы ақпараттың қайнар көзінде тұрған, өз оқырмандарына, көрерменіне, тыңдаушыларына әрдайым құрметпен қарайтын барша журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің шындықты батыл айтып, адам тағдырына бей-жай қарамай, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтерудегі табандылықтарыңыз – мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де баға жетпес үлес. Сіздердің арқаларыңызда біз елдегі және әлемдегі оқиғалар туралы уақтылы ақпарат аламыз, қорытынды жасап шешім қабылдай аламыз.

Қазіргі жағдайда БАҚ рөлі артып келе жатыр. Қоғамның ақпаратқа деген сенімі мен қоғамдық диалог деңгейі медиасфера өкілдерінің кәсібилігі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сіздер гүлденген мемлекет құруға мәдени, әлеуметтік әсер етесіздер.

Барлық журналистерді, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби өсу, толағай табыс, мол сәттілік және шексіз ынта-жігер тілеймін! Ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз әрқашан жоғары бағаланып, жемісті бола берсін!

 

Бейбіт Жүсіпов,

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы