Депутат Әбілқайыр Ошақбаевтың төрағалығымен өңірдің аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссия мүшелері проблемалық мәселелермен танысу үшін алдын ала Бұланды және Шортанды аудандарындағы астықты терең өңдеу кәсіпорындарына барды.
Күн тәртібі бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің ағымдағы жай-күйі туралы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов баяндады. Фортификацияланған (байытылған) ұн өндірісін кеңейтудің және оны пайдаланудың өзекті және проблемалық аспектілері бойынша Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сәуле Сәдуақасова тыңдалды.
Өңірде агроэкспорттың шикізаттық моделінен қосылған құны жоғары өнімдерді, оның ішінде астық пен майлы дақылдарды терең өңдеу өнімдерін өндіруге және экспорттауға көшу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда Ақмола облысында өсімдік шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша 36 кәсіпорын, оның ішінде қуаттылығы жылына 1 млн. тоннаға дейінгі 28 ұн тарту өндірісі және жалпы өндірістік қуаттылығы жылына 138 мың тонна майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша 8 кәсіпорын жұмыс істейді.
Ет өңдеу саласы мен сүт өнімдері негізгі үлесін алатын қайта өңдеу кәсіпорындарының тамақ өнімдерін өндіру көлемінің ұлғаюына қарамастан, жекелеген салаларда қайта өңдеу қуаттарының жүктелу деңгейі жеткіліксіз болып қалуда.
Екінші мәселе бойынша негізгі азық-түлікті фортификациялау халық арасында микроэлементтер жеткіліксіздігінің алдын алуда тиімді құрал бола алатыны атап өтілді.
Ұнды байытуға балама ретінде өнімді фортификациялаудың басқа тәсілдері ұсынылды. Ақмола облысы бірқатар тапшы жағдайларға, атап айтқанда йод пен D дәруменіне байланысты эндемиялық жағдайлардың қатарына жатады, бұл фортификация мәселелерін ерекше өзекті етеді және оларды шешуге жүйелі көзқарасты талап етеді.
Талқылау барысында депутаттар Әбілқайыр Ошақбаев, Бекім Әкімов және Тимур Пшенов Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасына фермерлерді қолдау үшін қадамдарды ойластыруды ұсынды.
Депутат Берген Беспалинов субсидияларды пайдалану бойынша Ақмола облысының бордақылау алаңдарына аудиторлық тексеру жүргізу жөнінде ұсыныс енгізді.
Отырыс қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасы жас малды бордақылауға тапсыру кезінде шаруашылықтарға есептік нөмірлерді міндетті беруді қоса алғанда, субсидиялау және лизинг қағидаларына өзгерістер енгізе отырып, бейінді министрлікке хат дайындауды жоспарлап қойды. Сондай-ақ, олар бордақылау алаңдарының өнімін өткізу мониторингін жүргізіп, облыстық мәслихат депутаттарымен бірлесіп ауыл шаруашылығы өндірушілерінің проблемаларын шешу жөніндегі жоспарды әзірлейтін болады.
Шаруаларға ыңғайлы болу үшін ведомство қызметкерлері ресми сайт арқылы ашық қолжетімділігі бар элеваторлар мен астық қоймаларының өзекті тізілімін құрып жариялауға ұйғарды.
Сонымен қатар, басқарма басшысы Нұрбек Бадырақов министрлікке салалық сарапшылар мен өндірушілердің қатысуымен нормативтік актілерді міндетті қоғамдық талқылау туралы ұсыныс жіберілетініне сендірді. Бұл шешім қабылдаудың ашықтығы мен тиімділігін арттырады.
Осы шаралардың барлығы аграрлық секторды нығайтуға және өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған.
Екінші мәселе бойынша фортификацияланған ұн өндірісін және оны тамақ өнеркәсібінде, қоғамдық тамақтандыруда, білім беруде, денсаулық сақтауда және медициналық-әлеуметтік мекемелерде қолдануды кеңейту ұсынылды. Сондай-ақ, санитарлық нормалар мен сұранысты ескере отырып, тұзсыз сорттарды қоса алғанда, тұзы аз нан өндірісін ынталандыру шараларын әзірлеу.
Нан-тоқаш өнімдеріндегі тұзды кезең-кезеңімен төмендету және тұзсыз нанды шығару мен ілгерілетуді ұйымдастыру үшін әкімдіктермен нан өндірушілермен әріптестік келісімдерді келісу қажет.
Денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармаларына тұзы аз және тұзсыз нан сатып алу және осы ұйымдардың аумағында тұзды тағамдар мен дәмді тағамдарды сатуға тыйым салу ұсынылады.