Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Ақмола облысының депутаттық корпусы атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Полиция күнімен құттықтаймын!
Осы күнi бiз Ақмола облысының ержүрек және батыл жандарын – полиция қызметкерлерін құрметтейміз. Сіздердің адал да жанқиярлық еңбегінің арқасында өңірде құқықтық тәртіп, азаматтардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы қамтамасыз етілуде. Бұл күнделікті қызмет – жай ғана жұмыс емес, ол – батылдықты, төзімділікті және жоғары кәсібилікті талап ететін нағыз ерлік.
Барша полиция қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің әділдік жолындағы тынымсыз еңбектеріңіз, қиын сәтте көмекке келуге әрдайым дайын тұруларыңыз – елге деген шынайы жанашырлықтың көрінісі. Сіздердің арқаларыңызда Ақмола облысының тұрғындары өздерін қауіпсіз сезініп, болашаққа сеніммен қарай алады.
Сонымен қатар, қазақстандық полицияның қалыптасуында елеулі рөл атқарған ішкі істер органдарының ардагерлеріне айрықша ризашылығымды білдіремін. Сіздердің бауырластықтарыңыз – аға буынның үлгісі мен дәстүрін сақтап, жас қызметкерлерге адалдықты, ерлік пен жанқиярлықты үйрететін өмірлік сабақ.
Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері!
Адал және қажырлы еңбегіңіз, таңдаған мамандығыңызға деген адалдығыңыз және қызметтік міндеттеріңізді орындау барысында танытқан жоғары жауапкершілігіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Алдағы уақытта да сіздердің жүктелген міндеттерді адалдықпен әрі абыроймен атқаратыныңызға, Ақмола облысы тұрғындарының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға әрдайым берік болатыныңызға сенімдімін.
Сіздерге бейбіт өмір, мықты денсаулық, қажымас қайрат және кәсіби қызметтеріңізде толағай табыс тілеймін! Сондай-ақ, сіздердің қызметтегі барлық жауапкершілік пен толғанысты бірге бөлісіп жүрген жақындарыңызға – сабырлық, бақыт және амандық тілеймін.
Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы