Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Барлық депутаттық корпусының атынан кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызметшілер — тиімді және әділ басқаруды қамтамасыз ететін, мемлекеттік саясатты іске асыруда және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуда шешуші рөл атқаратын азаматтар. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, адалдықтарыңыз және жауапкершіліктеріңіз мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуындағы мемлекеттік қызметшілердің маңызды рөлін әрдайым атап көрсетеді. Қазақстан халқына Жолдауында ол «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қоғам мен билік құрылымдары арасындағы өзара іс-қимыл мәдениетін өзгертіп, оны ашық әрі жауапты еткенін атап өтті.
Бұл күн – қоғамның, елдің және әрбір азаматтың игілігі үшін атқарып отырған жауапты әрі маңызды еңбектеріңізді мойындайтын ерекше күн.
Сіздердің кәсібиліктеріңіздің, қағидаттылықтарыңыздың және адал қызметтеріңіздің арқасында мемлекеттік бағдарламалар мен ауқымды реформалар табысты жүзеге асырылуда. Билік институттарына деген халық сенімі нығайып, еліміздің, соның ішінде Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берілуде.
Сіздердің әрқайсыларыңыз халықтың әл-ауқатын арттыруға өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Қоғам игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым құрмет пен жоғары бағалауға лайық.
Сіздердің жұмыстарыңыз қанағаттануға, әріптестеріңіздің құрметіне және халықтың ризашылығына ие болсын. Сіздерге зор денсаулық, тұрақтылық, жаңа табыстар және амандық тілеймін!
Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы