Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде депутат, облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов азаматтарды қабылдады.
Олар тұрғын үй сертификатын алу, жерді заңсыз басып алу, көршінің жылу трассасының құбырын қосу кезінде норманы сақтамау және үйге су өткізуге жәрдемдесу мәселелерімен жүгінді.
Жеке қабылдауға тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үй қатынастары бөлімінің мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері қатысты, олар тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын және жер учаскелерін пайдаланудың заңдылығын түсіндірді.
Азаматтардың өтініштерін тыңдап, төраға толық жауаптар мен тиісті тапсырмалар берді.