Құрметті Ақмола облысының денсаулық сақтау қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті Ақмола облысының денсаулық сақтау қызметкерлері мен ардагерлері!

Ақмола облысының депутаттық корпусы атынан сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын!

Бүгінгі күні ғұмырын адам денсаулығы мен өміріне қамқорлық көрсету сияқты игілікті іске арнаған барлық медицина қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз.

Қазіргі заманғы медицина үйлесімді ұжымдық жұмысты талап ететін күрделі жүйе. Бүгінгі дәрігер – бұл тек ем тағайындайтын маман ғана емес, сонымен қатар клиникалық жағдайларды тиімді басқаруға қабілетті денсаулық сақтау менеджері.

Сондай-ақ, медицина қызметкерлері тап болатын эмоциялық жүктемені де естен шығаруға болмайды. Қиындықтарға қарамастан, сіздер өз жұмыстарыңызды жалғастырып, науқастарды қолдап, демеп, денсаулықты басты құндылыққа айналдырасыздар.

Бүгінде мемлекет қолдауының арқасында аймақта жаңа медициналық нысандар – дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер ашылып жатыр. Ауылдық жерлерде медицина қызметкерлерін тарту және ұстап қалу мақсатында облыстық мәслихат медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көлемін бекітті. Депутаттардың қолдауымен кейбір санаттар үшін көмек мөлшері 5 миллион теңгеге дейін арттырылды.

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!

Әрбір медицина қызметкері – бұл адам денсаулығы үшін күн сайын күресетін нағыз қаһарман. Сіздерге зор денсаулық, жүрекке қуаныш және медицина – тек ғылым ғана емес, жүректен туындайтын, сезімталдық пен түсіністік талап ететін өнер екенін еске салып отыратын ризашыл науқастар тілейміз.

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Бейбіт Жүсіпов,

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы