«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2025 жылғы 18 маусымда сағат 11- 00-де Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына «2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» және басқа да сұрақтар енгізіледі.
Сессияның онлайн-трансляциясы Ақмола облыстық мәслихатының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жүргізіледі https://www.facebook.com/share/17y8W41uaY/
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов