Ақмола облыстық мәслихатының Павел Безвербныйдың төрағалығымен депутаттық этика, заңдылық, экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, жазаға және қылмыстық-құқықтық сипаттағы өзге де шараларға сотталған адамдар арасында қоғамнан оқшауланбай қайталанған қылмыстардың алдын алу және адамдарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Аталған мәселе бойынша Ақмола облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Дархан Мырзабеков және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Мұхамедин сөз сөйледі.
2023 жылғы желтоқсанында 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздік Тұжырымдамасы бекітілді. Негізгі бағыттардың бірі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар арасында қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу. Ол бостандыққа шыққаннан кейін адам қалыпты өмірге оралып, қайтадан қоғамның толыққанды мүшесі бола алады деген идеяға негізделген. Алайда, бұл жолда көптеген кедергілер кездеседі: тұрғын үйдің, құжаттардың, тіркеудің болмауы, психологиялық қиындықтар мен әлеуметтік қолдаудың жетіспеушілігі. Әсіресе жұмысқа орналасу мәселесі өткір болып тұр. Тұрақты жұмыссыз толыққанды әлеуметтік бейімделу туралы айту өте қиын.
Отырыста бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік және басқа да қолдау түрлері талқыланды. Сөз сөйлеушілер сотталушының мерзімін өтегеннен кейін әлеуметтік бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін психологиялық, әлеуметтік және оңалту аспектілерін есепке алудың маңыздылығын және құқықтық, ұйымдастырушылық, психопедагогикалық мәселелерді атап өтті. Сотталғандардың қоғамдық орындардағы тұрмыстағы мінез-құлқын бақылау мәселелері қозғалды.
«Жұмысқа орналасуға көмек көрсету арқылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қолдау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілуде. Сотталғандар өздері және қоғам талап ететін мамандықтарды алады. Біздің мақсатымыз-олардың қателіктерін түсінуге көмектесу, олардың толыққанды өмірге оралуына ықпал ету», - деп атап өтті Павел Безвербный.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шараларын кеңейту; билік органдары, ҮЕҰ және жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды дамыту; пенитенциардан кейінгі бейімделу орталықтарын құру ұсынылды.
Сонымен қатар, отырысқа аталған мәселеге жетекшілік ететін облыс аудандары мен қалалары әкімдерінің орынбасарлары, облыс прокуратурасының өкілі қатысты. Сондай-ақ, экономика, денсаулық сақтау басқармаларының және полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қылмыстардың алдын алу, оларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселесін қарастыра отырып, депутаттар аталған мәселе бойынша бүгінгі таңда бар жағдайды талдап, өз пікірлерін, ұсыныстарын білдіріп, тиісті ұсыныстар берді.