Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Ақмола облысының депутаттық корпусы атынан кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Театр және кино қайраткерлері, жазушылар, музыканттар, суретшілер, концерттік ұйымдардың, көркемөнерпаздар мен халық шығармашылығының, мұражайлардың, кітапханалар мен мұрағаттардың, клубтардың, мәдениет сарайлары мен үйлерінің, көрме кешендерінің, сурет галереяларының және т.б. ұжымдары - барлығыңыз аймақтың дамуына баға жетпес үлес қосудасыз.

Ел Президенті өзінің жыл сайынғы Жолдауында мәдениеттің ерекше маңыздылығын атап көрсетеді. Бүгінгі таңда Ақмола өңірінде әрбір тұрғынның шығармашылық әлеуетін ашу үшін ең жарқын және ерекше таланттарды қолдау үшін барлық жағдай жасалып жатқаны қуантады. Жыл сайын саланы қаржыландыру ұлғайып мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылады. Жас дарындар мен мәдени сала ардагерлерін қолдауға ерекше көңіл бөлінуде.

Құрметті ардагерлер, мәдениет саласының қызметкерлері!

Сіздер адамдарды жетістіктеріңізбен қуантып, қоғамның рухани өмірін байытасыздар, өнерді дамытып мәдени мұраны сақтайсыздар. Осы мереке күні зор денсаулық, отбасылық амандық, шабыт, кәсіби өсу және жаңа шығармашылық биіктерге деген шынайы тілектерімді қабыл алыңыз!

Бейбіт Жүсіпов,

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы