«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері, саяси партиялар мен «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері Өскемен қаласының ең көп жүретін көшелерінің біріне жас қарағай көшеттерін отырғызды.