2025 жылғы 24 сәуірде ШҚ облыстық мәслихатының төрағасы Д.Рыпаков Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ХХХІV сессиясының жалпы отырысына қатысты.

2025 жылғы 24 сәуірде ШҚ облыстық мәслихатының төрағасы Д.Рыпаков Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ХХХІV сессиясының жалпы отырысына қатысты.

Аталған іс-шара Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың төрағалығымен өтті.

Отырысқа Парламент депутаттарын, еліміздің барлық аймақтарынан келген ҚХА мүшелерін, этномәдени бірлестіктердің жетекшілерін, мемлекеттік құрылымдардың, діни және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, көрнекті ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерін қоса алғанда 1600-ден астам адам қатысты.

Президент өз сөзінде  Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналғанын баса айтты. Қ.Тоқаев «Бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты» деп атап өтті.

Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады:

https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halky-assambleyasynyn-hhhiv-sessiyasynda-soylegen-sozi-2435644