Сенаторлар Кеңесінің мүшелері облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті

Сенаторлар Кеңесінің мүшелері облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті

2025 жылғы 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде біздің облысқа келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, сұранысқа ие мамандарды, әсіресе жұмысшы мамандықтар арасынан мамандарды сапалы даярлау жөніндегі негізгі мәселелер бойынша ұсыныстар мен пікір алмасулар болды.

  Кеңес мүшелері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұрынғы депутаттары Әйтімова Бірғаным Сарықызы, Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы, Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы, Валиев Хусаин Хасенұлы, Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы сөз сөйледі.

Кездесуде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары Быкова Марина Юрьевна мен Смоляков Илья Анатольевич өз ұсыныстарын айтты.

Кездесу барлық қатысушылар үшін жемісті әрі пайдалы болды және Жұмысшы мамандықтар жылының маңыздылығын тағы да айқындады.