Сессияға 32 депутаттың 28-і қатысып, бұл 88 %-ды құрады. Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың, департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері қатысты. Қалалар мен аудандардың әкімдері сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.
Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн тәртібімен (LIVE) көрсетілді. Онлайн көрсетілімге сілтемелер облыс әкімдігі мен мәслихатының сайттарында орналасқан.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1. 2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту:
2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және Шығыс Қазақстан облысының салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндама.
Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама.
Дархан Амангелдіұлы - Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.
Шығыс Қазақстан облысының даму жоспарын іске асыру туралы баяндама.
Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
2. Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру барысы туралы.
Ажар Елемесқызы Қажыбекова - Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.
3. Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
Марина Юрьевна Быкова – тұрақты комиссия төрағасы.
4. Әртүрлі мәселелер:
1) «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/142-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындау туралы;
3) «Шығыс Қазақстан облысының облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларында, облыс кенттері мен ауылдық елді мекендерінде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 104 қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/30-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4) «Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 100 қаулысы мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/23-VIII шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
5) «Шығыс Қазақстан облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерлерін белгілеу туралы» бірлескен
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 153 қаулысы мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 3 шілдедегі № 4/65-V шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
6) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;
7) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі өңірлік жоспарын бекіту туралы;
8) «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 2/15-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
9) «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін келісу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 2/11-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
10) «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 1 шілдедегі № 7/98-ІV шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
11) «Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 14 шілдедегі № 14/187-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
12) «Шығыс Қазақстан облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/404-VІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
13) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;
14) «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтiп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/98-VIІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
15) Шығыс Қазақстан облысында уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныс енгізу туралы;
16) «Шығыс Қазақстан облысының басқару сұлбасы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 12/149-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.