Сағат 14.30-да облыстық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының; агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының; әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырыстары өтті.
Мәслихаттың кезекті ХХ сессиясының күн тәртібіндегі негізгі мәселе «2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы».
Бюджеттің атқарылуы туралы есеп шеңберінде облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында облысты дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, 2024 жылғы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің он бес басшысының баяндамалары тыңдалып, егжей-тегжейлі талқыланды.
Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында сонымен қатар «2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы» мәселе қаралды.
Сағат 16.00-де облыстық мәслихаттың барлық тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Бірлескен отырыста мәслихат сессиясына енгізілген шешімдердің жобаларын егжей-тегжейлі түсіндірумен Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ф.Қ.Белбеев, Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Н.Ф.Михейлис, Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы А.Н.Есентаев, Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.М.Қожанова, Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Р.Т.Тұрысбек сөз сөйледі.
Сондай-ақ, мәслихаттың кезекті ХХ сессиясының күн тәртібіндегі басқа да мәселелер қаралып, талқыланды.