
Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін Наурыз біздің халқымыздың ең жарқын әрі сүйікті мейрамдарының бірі болып табылады. Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін.
Сіздерге және туған-туыстарыңызға мықты денсаулық, қуаныш, бақыт пен бақ-береке тілейміз.
Ақ мол, жыл ырысты болсын!
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты