Құрметті ханымдар!

Құрметті ханымдар!

Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ғана ойлап қоймай, сонымен бірге мемлекеттің өміріне және саяси мәселелерге белсене араласады.  Еліміздің дамуында қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр.  Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.

Көктемнің осы шуақты мерекесі жандарыңызды жылытып, құшақтарыңызды гүлге, көңілдеріңізді қуанышқа толтырсын!

Сіздерге әрқашан көктемгі көңіл-күй, жылулық пен бақыт, жақын адамдарыңыздың түсіністігі пен қолдап-қорғауын тілейміз! Отбасыларыңызда әркез сүйіспеншілік,  құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық болсын!

 

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты