Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Арқабайұлы Дәдебай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынысын таныстырды. Ол Шығыс Қазақстан облысы әкімі лауазымына келісім беру үшін Н.А.Сақтағановтың және А.І. Бекбосыновтың кандидатурасын ұсынды.
Үміткерлер алдағы қызметтерінің бағдарламаларымен сөз сөйледі.
Депутаттар жиналысында сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Абайұлы Бектенов сөз сөйледі.
Ашық дауыс беру нәтижелері бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына депутаттардың көпшілік дауысымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың кандидатурасы келісілді.