Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттарының назарына

Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттарының назарына

«Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2025 жылғы 17  ақпанда сағат 10.00-де Өскемен қаласы,  Қазақстан көшесі, 55 (С.Аманжолов атындағы ШҚУ 5-корпусы) мекенжайында өтеді.

Депутаттарды тіркеу сағат 09.00-ден басталады.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

мәслихатының төрағасы                                                             Д. Рыпаков