«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1,5-тармақтарына және 11-бабының 1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Келесі жобалар қаралып, талқыланды және ұсыныстар берілді.
- «Шығыс Қазақстан облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/404-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі»;
- «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтiп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/98-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі»;
- 2025 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы»;
- 2025 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын бекіту туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы»;
- «Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 90 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы»;
- «Шығыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімі»;
- «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы ә№ 316 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы»;
- «Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын анықтау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 144 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы»;
- Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы»;
- «Шығыс Қазақсан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 257 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы».