2024 жылғы 25 сәуірде Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясы өтті

2024 жылғы 25 сәуірде Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясы өтті

Сессия жұмысына бөлімдер мен басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шемонаиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/2-VIII «Шемонаиха ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. М. Самойлова сөз сөйледі.

Білім беру саласындағы атқарушы органдардың функциялары мен штат санының лимиттерінің өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге облыстық бюджетке трансферттерді қайтару бюджет параметрлерін нақтылау үшін негіз болып табылады, осыған байланысты өз кірістерін нақтылау жүргізілді.

Сондай-ақ, ауданда болған кадрлық өзгерістерге байланысты кейбір комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Қарастырылып отырған мәселенің қорытындысы бойынша бірауыздан шешім қабылданды.

https://www.facebook.com/share/v/TthTPZGn6KnUH6p5/?mibextid=oFDknk