2024 жылғы 12 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХІІ сессиясы өтті

2024 жылғы 12 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХІІ сессиясы өтті

Сессияға 32 депутаттың 22-сі қатысты, бұл 69%-ды құрады. Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Беделбайұлы Көшербаев, облыстық басқармалардың, департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері қатысты. Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.

Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн режимінде (LIVE) көрсетілді. Трансляцияға сілтемелер облыс әкімдігі мен мәслихатының сайттарында орналасқан.

Сессия отырысында келесі мәселелер қаралды:

1. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай, Күршім, Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарының шекараларын белгілеу туралы.

2. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое және Тарбағатай аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы.

3. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/69-VІІI «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

5. Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы.

6. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтiп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы.

7. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындау туралы.

Депутаттар мәслихат сессиясына шығарылған барлық шешім жобаларын қолдады.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия алдында облыстық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясына енгізілген «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/69-VІІI  «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын қарау жөніндегі мәслихаттың уақытша комиссиясының отырысы өтті. Қаралған шешім жобасы бойынша ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ф.Қ. Белбеевтің ақпараты тыңдалып, талқыланды, тиісті қорытынды қабылданды.

Онлайн трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/live/5Xn9jPe_bwI?feature=share