Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он екінші  сессиясы 2024 жылғы 12 сәуірде сағат 12.00-де офлайн форматта облыс әкімдігі ғимаратында (1-қабат) өтеді.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 11.00-ден басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай, Күршім, Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарының шекараларын белгілеу туралы.

2. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое және Тарбағатай аудандардың әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы.

3. «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/69-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

5. Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы.

6. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтiп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы.

7. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындау туралы.

Сессияны дайындауға жауапты адам: Олег Васильевич Чугунков, жұмыс телефоны 8(7232)71-31-94, электрондық пошта мекенжайы info@vkomaslihat.gov.kz.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                Д. Рыпаков