2024 жылғы 3 сәуірде Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс он бірінші сессиясының отырысы өтті

2024 жылғы 3 сәуірде Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс он бірінші сессиясының отырысы өтті

Сессия жұмысына 11 депутат, Глубокое ауданының әкімі Тумашинов Эльдар Лукбекович, Глубокое ауданы әкімінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, аудандық басқармалар мен дербес бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1. Глубокое аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8/4-VIIІ «2024-2026 жылдарға арналған Глубокое ауданының кенттер мен ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жакитов Р.С. тұрақты комиссия отырысында депутаттар талқылаған кенттер мен ауылдық округтерінің бюджеттеріне енгізілген өзгерістер туралы баяндады: 4 деңгейдегі бюджеттің бос қалдықтары бөлінді, 2024 жылға бюджеттің 4 деңгейіне жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттер көлемі өзгерді.

Талқылаудан кейін шешімдер бірауыздан қабылданды.