Құрметті шығысқазақстандықтар!

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі күнде Қазақстан бірқатар ұлттар мен этностар үшін ортақ үй болып кеткен, сондықтан бұл күн   туған елге деген ыстық лебізді білдіретін күн ғана емес, сонымен қатар достық пен бірліктің жарқын мерекесіне айланған. Қазақстан халқының бірлігі күні барлық этностардың одан әрі бірігуіне, достық пен өзара түсіністікте, сыйластықта өмір сүруіне қызмет етеді.

Осы мереке күндері достармен және жақындармен жарқын кездесулердің қуанышына толы болып, алдағы жұмыс күндеріңізге тың күш, сергектік сыйласын.

Баршаңызға зор денсаулық, қуанышты көңіл-күй, бақыт пен амандық тілейміз!

 

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты