2023 жылғы 30 наурызда сегізінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының І сессиясы өтті

2023 жылғы 30 наурызда сегізінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының І сессиясы өтті

Сессияға 32 депутаттың 24-і қатысты, бұл 75% құрады. Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы және мүшелері, БАҚ қатысты.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Нәбиев қатысушыларды облыстық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларымен таныстырып, депутаттарға депутаттық куәліктер мен төсбелгілерді табыс етті.

Облыс әкімі Д.К.Ахметов депутаттарды сайлануымен құттықтап, бірлескен жемісті жұмысқа үміт білдірді.

Сессия барысында депутаттар мәслихат төрағасы етіп Денис Сергеевич Рыпаковты сайлады, тұрақты комиссиялардың құрамын және олардың төрағаларын сайлады.

Облыстық мәслихат депутаттары үш тұрақты комиссияның құрамында жұмыс істейтін болады:

- әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия, комиссия төрағасы - Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллина;

- бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия, комиссия төрағасы - Марина Юрьевна Быкова;

- агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия, комиссия төрағасы - Тимур Русланович Виситаев.

Сегізінші шақырылған ШҚО мәслихатының депутаттық корпусына отыз екі депутат кірді:

  1. Айдар Әлмұрзаұлы Абдулдин
  2. Ербол Әлімқанұлы Әбдіқалықов
  3. Фарид Құмашұлы Абитаев
  4. Тұрарбек Анарбекұлы Әзекенов
  5. Андрей Владимирович Алехнович
  6. Александр Михайлович Анчугин
  7. Сәния Мағауқызы Әубәкірова
  8. Аэлита Ахметсәлімқызы
  9. Сергей Владимирович Бежецкий
  10. Светлана Ивановна Буднецкая
  11. Марина Юрьевна Быкова
  12. Тимур Русланович Виситаев
  13. Ренат Сансызбаевич Джангурчинов
  14. Азамат Хамидулаұлы Есембұлов
  15. Сайрангүл Ахметкәрімқызы Жұмәділова
  16. Жанболат Байрахметұлы Қазанов
  17. Светлана Каримуллаевна Кривицкая
  18. Әсем Тілекқызы Мамутова
  19. Игорь Владимирович Михайленко
  20. Николай Михайлович Нечепуренко
  21. Зоя Владимировна Новолодская
  22. Болат Жұмабекұлы Нұрпейісов
  23. Сергей Владимирович Огнёв
  24. Сергей Александрович Попов
  25. Гүлжан Оралбекқызы Рахимбаева
  26. Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллина
  27. Денис Сергеевич Рыпаков
  28. Илья Анатольевич Смоляков
  29. Дмитрий Олегович Сомов
  30. Ренат Саяхатұлы Уразбаев
  31. Фёдор Сергеевич Цыбенко
  32. Ғани Чаймарданұлы Чаймарданов