2023 жылғы 16 қаңтарда Глубокое ауданының әкімі Э.Л. Тұмашиновтың ұсынысы бойынша Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясының отырысы өтті

2023 жылғы 16 қаңтарда Глубокое ауданының әкімі Э.Л. Тұмашиновтың ұсынысы бойынша Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясының отырысы өтті

Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:

1) округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы;

2) Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 29/2-VI «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Бірінші және екінші мәселе бойынша аудандық мәслихатының төрағасы Қалигожин А.С. Глубокое ауданының аумағында сайлауды дайындауды және өткізуді ұйымдастыратын аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы Глубокое аудандық мәслихатының шешімімен 2019 жылғы қаңтарда сайланғанын баяндады. Комиссиялардың жекелеген мүшелерінің комиссия құрамынан шығу туралы өтініштеріне байланысты, Глубокое аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен өтініш берген 20 адам сайлау комиссиялары мүшелерінің міндеттерінен босатылды. «АДАЛ» партиясы өкілінің 23 адамы да оларды ұсынған саяси партияның таратылуына байланысты өз міндеттерінен босатылды. Сонымен қатар, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап округтік комиссиялар өз өкілеттіктерін қайта қалпына келтірді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап аудандық мәслихат аудандық сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізді. 13 округтік сайлау комиссиялары бірауыздан сайланды.

Сондай-ақ, шығып қалғандардың орнына аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін іріктеу бойынша жұмыстар жүргізіліп, комиссиясы жаңа құрамдары қалыптастырылды.

Талқылаудан кейін шешім бірауыздан қабылданды.