2023 жылғы 14 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс XХІІ сессиясы болып өтті

2023 жылғы 14 қаңтарда  Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс  XХІІ сессиясы болып өтті

Сессияға 20 депутаттың 16-сы қатысып, бұл 80 %-ды құрады. Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметов, облыс әкімі аппараты басшысының м.а. К.Қ. Бичуинов, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары, БАҚ қатысты.

Мәслихат сессиясының отырысы тұрақты түрде Интернет желісінде онлайн тәртібімен көрсетіледі. Онлайн көрсетілімге сілтемелер облыс әкімдігі мен мәслихатының сайттарында орналасқан.

Сессияда төмендегі мәселелер қаралды:

  1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы.
  2. «Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 26/296-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.