2023 жылғы 14 қаңтарда Шығыс Қазақстан университетінің акт залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Шығыс Қазақстан облысынан депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысы өтті

2023 жылғы 14 қаңтарда Шығыс Қазақстан университетінің акт залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Шығыс Қазақстан облысынан депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысы өтті

Облыстың барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының -таңдаушылардың бірлескен отырысын Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Рыпаков Денис Сергеевич жүргізді.

Таңдаушылардың бiрлескен отырысына қатысу үшін облыстағы 12 мәслихаттың 146 депутатынан 122 депутат, немесе таңдаушылардың жалпы санының 84 пайызы келді. 

         Таңдаушылардың бірлескен отырысының жұмысына облыстық сайлау комиссиясының төрағасы және мүшелері, бақылаушылар, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сайлаушылардың бірлескен отырысының күн тәртібінде бір мәселе қаралды: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау.

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Нәбиев Ерсайын Ахметуәлиұлы Шығыс Қазақстан облысынан Парламент Сенатының депутатын сайлау жөніндегі дауыс беру пунктін ашып, облыстық сайлау комиссиясының мүшелерімен таныстырып, дауыс беру рәсімі туралы түсінік бергеннен кейін депутаттар дауыс беруге кірісті.

Дауыстарды санау қорытындысы бойынша, кандидат Бұқтұғұтов Шәкәрім Сабырұлы дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 86 пайыз дауысын жинады.