Біздің елімізде мұғалім ең құрметті және маңызды мамандықтардың бірі болып табылады, өйткені балаларымыз үшін мұғалім....

Біздің елімізде мұғалім ең құрметті және маңызды мамандықтардың бірі болып табылады, өйткені балаларымыз үшін мұғалім....

Біздің елімізде мұғалім ең құрметті және маңызды мамандықтардың бірі болып табылады, өйткені балаларымыз үшін мұғалім – білім-тәлім беретін, өмірді, сұлулықты үйрететін, ойлауға және дұрыс мақсат қоюға үйрететін адам. Қазіргі кезде мұғалім тек оқытып, үйретіп қана қоймай, балаға қабілеттерін ашуға, шығармашылығын дамытуға, өзі мен жақындары үшін ғана емес, Отаны үшін де, оның әл-ауқаты мен өркендеуі үшін де жауапкершілікті сезінетін азамат болып өсуге көмектеседі. Біздің облыстың педагогтары өз міндеттерін абыроймен, адал және үлкен шеберлікпен атқарады.
Осы мерекеде біз әр мұғалімге, оқытушыға, тәрбиешіге, жаттықтырушыға даналығы, шыдамдылығы және сүйікті ісіне деген адалдығы үшін алғысымызды білдіргіміз келеді! Сіздерге еңбектеріңізге жаңа жарқын жетістіктер, амандық, мықты денсаулық және бақыт тілейміз!

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты