2022 жылғы 27 қыркүйекте Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті,..

2022 жылғы 27 қыркүйекте Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті,..

2022 жылғы 27 қыркүйекте Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті, оған Шемонаиха ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, қала, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, құқық қорғау органдарының, аудандық бөлімдер мен басқармалардың және ауыл шаруашылық құрылымдарының басшылары қатысты.
Шемонаиха ауданының әкімі Г.И. Акулов жергілікті атқарушы органдардың қызметі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өте отырып, «Шемонаиха ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы» баяндамасымен сөз сөйледі. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының бірінші жартыжылдықта қол жеткізген көрсеткіштерін және 2022 жылға қойылған міндеттерді атап өтті.
Аудан әкімінің жұмысы депутаттармен оң бағаланды, есеп сессия шешімімен бірауыздан бекітілді.
Усть-Таловка кентінің әкімі А.Б. Боровикованың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі сессия шешімімен бекітілді.
«Агроөнеркәсіптік кешен саласын дамытудың жай-күйі мен перспективалары туралы» мәселесі бойынша Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары А.А. Ахаев сөз сөйледі, аудан экономикасын дамытуда маңызды роль елеулі экономикалық әлеуетті жинақтайтын агроөнеркәсіптік кешенге жататындығын белгіледі.
Сессияда бюджет, экономика, өңірлік даму және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның және әлеуметтік саясат, заңдылық, құқықтық тәртіп және депутаттық өкілеттіктер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есептері тыңдалды.
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 14/2-VII «2022-2024 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелері бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.М.Самойлова сөз сөйледі, онда республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен 2022 жылға арналған аудандық бюджетті түзету туралы, өз кірістерін нақтылау туралы, ауданның бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау туралы ақпарат берілді.
Басқа да бірқатар мәселелер қаралды, олар бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.


https://aitube.kz/video?id=6acd6acd-04f1-4510-aef0-d5301a349c66