2022 жылғы 27 қыркүйек күні сағат 10-00-де «Aitube» платформасында тікелей эфирде аудандық мәслихаттың кезекті ХХVІІ сессиясы өтті

2022 жылғы 27 қыркүйек күні сағат 10-00-де «Aitube» платформасында тікелей эфирде аудандық мәслихаттың кезекті ХХVІІ сессиясы өтті

Сессияда келесі сұрақтар қаралды:
1. «Ұлан ауданының әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі», аудан әкімі Р.Т. Құрмамбаев баяндады.
1. 2. «Ұлан ауданы полиция бөлімінің жұмысы туралы есебі», аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Т. Көпжасаров баяндады.
3. «Аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясының есебі», тұрақты комиссия төрағасы Н. Тілеужан баяндады.
Күн тәртібінің басқа сұрақтары бойынша:
1) «Ұлан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 96 «2022-2024 жылдарға арналған Ұлан ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ә.Б. Акпанова баяндады.
2) «Депутат Л. К. Медетованың депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы»;
3) «Ұлан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 267 «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
4) «Ұлан аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы»;
5) Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы №183 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», мәслихат хатшысы Г. Н. Калиева таныстырды.
Сұрақтар шешімдерінің жобасын депутаттар бірауыздан қолдады.
Кезекті сессияға 11 депутат қатысты, ол 100 пайызды құрады.
Сессияға аудан әкімі Р. Т. Құрмамбаев, аудан әкімінің орынбасарлары Л. К. Кенжетаева, К. Б. Окасов, аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Г. Раимбекова, бөлім басшылары, дербес бөлімінің басшылары, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері қатысты.