2022 жылғы 21 қыркүйекте Глубокое аудандық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясының отырысы өтті

2022 жылғы 21 қыркүйекте Глубокое аудандық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясының отырысы өтті

Сессия жұмысына 13 депутат, Глубокое ауданының әкімі Эльдар Лукбекұлы Тумашинов, Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Старенкова Елена Васильевна, Глубокое ауданы әкімі аппаратының басшысы Қабдусалимов Мақсат Мақсұтұлы, Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Пономарева Маргарита Николаевна, Глубокое ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Абдрахманов Сұлтанғазы Сатыбалдыұлы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Литвиненко Евгения Николаевна қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерді орындау туралы есебі.

Тумашинов Эльдар Лұқбекұлы - Глубокое ауданының әкімі.

2. Глубокое ауданының аумағында дене шынықтыру және спортты дамытудың хал-ахуалы және алғы шарттары туралы.

Павлов Александр Иванович - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

3. Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі атқарылатын жұмыс туралы ақпарат.

Пономарева Маргарита Николаевна - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

4. Құқықтық тәртіп, заңдылық, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Тугамбаева Қорлан Төлеубекқызы – тұрақты комиссияның төрағасы.

5. Әртүрлі:

1) Глубокое аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/2 - VII «2022-2024 жылдарға арналған Глубокое аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Глубокое аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/6-VII «2022-2024 жылдарға арналған Глубокое ауданының кенттері мен ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3) Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 50/9-VI «Глубокое ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4) Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 маусымдағы № 23/6-VI «Глубокое ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынылатын адамдардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссияның жеке құрамын бекіту туралы.

Бірінші мәселе бойынша аудан әкімі Тумашинов Э. Л. есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы, қолданыстағы даму жоспарларын іске асыру, ауданда жаңа жылыту маусымына дайындық және болашаққа міндеттер туралы айтып берді. Аудан аумағындағы дене шынықтыру мен спортты дамытудың жай-күйі мен алғы шарттары туралы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.И.Павлов баяндады. Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Н. Пономарева Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Құқықтық тәртіп, заңдылық, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Қ.Т. Тугамбаева депутаттар алдында өз комиссиясында жүргізілген жұмыстар туралы есеп берді. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы туралы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Е. Н.Литвиненко баяндады. 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің параметрлерін нақтылау үшін облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 16 қыркүйектегі шешімі, аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша шығыстар лимиттерін нақтылау, аудандық бюджеттен берілетін трансферттер көлемінің бюджеттің 4 деңгейіне өзгеруі, қалыптасқан қаражат үнемдеуін қайта бөлу негіз болып табылады. Мәслихаттың бұрын қабылданған шешімдеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынылатын тұлғалардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссияның жеке құрамы бекітілді.

Талқылаудан кейін шешім бірауыздан қабылданды.