2022 жылғы 12 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХVІІ сессиясы болып өтті

2022 жылғы 12 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХVІІ сессиясы болып өтті

Сессияға 22 депутаттың 15 –і қатысып, бұл 68%-ды құрады. Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы А.Б. Сматлаев, облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, БАҚ қатысты. Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, облыстық басқармалардың басшылары сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.
Мәслихат сессиясының отырысы тұрақты түрде Интернет желісінде онлайн тәртібімен көрсетіледі. Онлайн көрсетілімге сілтемелер облыс әкімдігі мен мәслихатының сайттарында орналасқан.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1. «Шығыс Қазақстан облысының басқару сұлбасы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 12/149-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2. Шығыс Қазақстан облысының Самар және Тарбағатай аудандарының шекараларын белгілеу туралы ұсыныс енгізу туралы.
3. Шығыс Қазақстан облысының шекарасын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.