2022 жылғы 08 шілдеде Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясының отырысы өтті

2022 жылғы 08 шілдеде Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясының отырысы өтті

Сессия жұмысына 9 депутат, Глубокое ауданының әкімі Эльдар Лукбекұлы Тумашинов, Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Старенкова Елена Васильевна, Айтбаев Данар Оралбекұлы, Глубокое ауданы әкімі аппаратының басшысы Қабдусалимов Мақсат Мақсұтұлы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Литвиненко Евгения Николаевна, қаржы бөлімінің басшысы Курмангалиева Гульмира Александровна, Глубокое ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Роза Қасиқызы Әділбаева, БАҚ өкілі қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1) Глубокое аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/2-VII «2022-2024 жылдарға арналған Глубокое аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) «Глубокое ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
Бірінші мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Е.Н.Литвиненко баяндады. 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің параметрлерін нақтылау үшін ШҚО мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі, аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша шығыстар лимиттерін нақтылау, аудандық бюджеттен берілетін трансферттер көлемін бюджеттің 4 деңгейіне өзгерту негіз болды. Екінші мәсселе бойынша: В.В.Кирьяновқа -Глубокое ауданында спортты дамытуға қосқан үлесі үшін, Н.Б. Баймагуловқа - Глубокое ауданында экономиканы дамытуға қосқан үлесі үшін, А.М. Забировқа - Глубокое ауданының дамуына қосқан үлесі үшін ауданның 3 азаматына «Глубокое ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Талқылаудан кейін шешім бірауыздан қабылданды.