VII шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясы

VII шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясы

2022 жылғы 22 маусымда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Шемонаиха ауданы әкімінің міндетін атқарушы Б.К. Молдаханов, аудан әкімінің орынбасары, бөлімдер мен басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы 14/2-VII «2022-2024 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелері бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.М.Самойлова сөз сөйледі, онда кіріс бөлігін ұлғайту, аудан бюджетінің бұрын жоспарланған қаражатын қайта бөлу туралы ақпарат берілді.
Барлық қарастырылған мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.