2022 жылғы 3 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХVІ сессиясы болып өтті

2022 жылғы 3 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХVІ сессиясы болып өтті

Сессияға 38 депутаттың 26 қатысып, бұл 68%-ды құрады. Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың, саяси партиялар мен БАҚ қатысты. Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.

Мәслихат сессиясының отырысы тұрақты түрде Интернет желісінде онлайн тәртібімен көрсетіледі. Онлайн көрсетілімге сілтемелер облыс әкімдігі мен мәслихатының сайттарында орналасқан.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12/91-VII «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. «Шығыс Қазақстан облысының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттары үшін «KARAGAILY» шипажайы» СМСМ базасында санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы.

3. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатын қайта ұйымдастыру туралы.

4. Абай облысы мәслихатының сессиясы туралы.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.