2022 жылғы 1 маусымда референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб ұйымдастырған Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығымен өңіраралық көшпелі кездесу болып өтті

2022 жылғы 1 маусымда референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб ұйымдастырған Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығымен өңіраралық көшпелі кездесу болып өтті

2022 жылғы 1 маусымда референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб ұйымдастырған Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығымен өңіраралық көшпелі кездесу болып өтті.
Кездесуді референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб төрағасы, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Т.Т.Мұқашев жүргізді. Кездесуге сондай-ақ ҚР кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Н.С.Өтешев, Қазақстан кәсіподақтары федерациясының «Қарағанды облыстық кәсіподақ орталығының» өкілі Б.А.Нүрпейісов қатысты. Кездесуге облыс жұртшылығының өкілдері, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттары, ардагерлер, жастар бірлестіктерінің, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері шақырылды. Кездесуде сөз сөйлеген әрбір адам қазақстандықтардың әлеуметтік-саяси өміріне өзгерістер енгізетін референдум өткізудің маңыздылығын атап өтіп, әркімді өзінің конституциялық ерік білдіру құқығын пайдалануға шақырды.