2022 жылғы 12 мамырда Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының отырысы өтті

2022 жылғы 12 мамырда Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының отырысы өтті

Сессия жұмысына 10 депутат, Глубокое ауданының әкімі Эльдар Лукбекұлы Тумашинов қатысты.

Сессияда мәселе қаралды:

1. Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 29/2-VI «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Глубокое ауданының аумағында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын сайлау комиссияларының құрамы Глубокое аудандық мәслихатының шешімімен 2019 жылғы қаңтарда сайланды.

Комиссиялардың жекелеген мүшелерінің комиссиялар құрамынан шығу туралы өтініштер беруіне байланысты, Шығыс Қазақстан облыстық және Глубокое аудандық аумақтық сайлау комиссияларының қаулыларымен өтініш берген адамдар сайлау комиссиялары мүшелерінің міндеттерінен босатылды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес, мәслихат шығып кеткендердің орнына сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін іріктеу бойынша жұмыс жүргізді. Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді, шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының жаңа мүшелері сайланды.

Талқылаудан кейін шешім бірауыздан қабылданды.