Құрметті отандастар! Қымбатты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Құрметті отандастар!  Қымбатты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді 7 мамыр Отан қорғаушы Күнімен және 9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Бұл мерекелер – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бұл күндері біз ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым етеміз, Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие.

Жеңіс Күні – бізге бостандық пен бейбіт өмір сыйлаған жауынгерлерді мақтан тұтатын ұлы мереке.

Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, игілік тілейміз. Елімізде мәңгілік бейбітшілік пен тыныштық орнасын!

 

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты