2022 жылғы 5 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті ХV сессиясы болып өтті

2022 жылғы 5 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті ХV сессиясы болып өтті

Сессияға 38 депутаттың 27 қатысып, бұл 71 %-ды құрады. Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, БАҚ қатысты. Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.

Мәслихат сессиясының отырысы тұрақты түрде Интернет желісінде онлайн тәртібімен көрсетіледі. Онлайн көрсетілімге сілтемелер облыс әкімдігі мен мәслихатының сайттарында орналасқан.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1. 2021 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы:

2021 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және Шығыс Қазақстан облысының салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндама.

Даниал Кенжетайұлы Ахметов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

2021 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама.


Ерік Теміржанұлы Тұрсынғалиев - Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.

Шығыс Қазақстан облысын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы баяндама.

Даниал Кенжетайұлы Ахметов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бірінші басшыларының облыс дамуы бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы баяндамалары.

Сайрангүл Ахметкәрімқызы Жұмәділова - Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы.

Альмира Әскерханқызы Мусинова - Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы.

2. Облыстың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің 2022 жылдың өрт қауіпті маусымына дайындығы туралы.

Мұрат Манарбекұлы Құсайынов - Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

3. Депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.

Иннеса Александровна Чернышёва – тұрақты комиссия мүшесі.

4. Әртүрлі мәселелер:

1) «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 12/91-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

3) «Шығыс Қазақстан облысының саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының құрамы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 4/33-VІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4) «Шығыс Қазақстан облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/404-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

5) «Реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау бойынша өңірлік комиссияның дербес құрамы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 29/317-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

6) «Облыстық жер комиссиясы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 29/314-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

7) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы № 23/265-VІ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

8) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 42/477-VI «Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

9) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 39/435-VІ «Шығыс Қазақстан облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

10) «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/221-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

11) «Шығыс Қазақстан облысының терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 тамыздағы № 13/156–V шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

12) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы;

14) Шығыс Қазақстан облысында уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныс енгізу туралы.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.