2022 жылғы 4 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстары болып өтті

2022 жылғы 4 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстары болып өтті

Сағат 11.00-де агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырыстары болып өтті.

Сағат 14.30-да бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның, депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырыстары болып өтті.

Сағат 16.00-де облыстық мәслихаттың барлық тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.

Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия, депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырыстарында мына мәселелер қаралды:

  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бірінші басшыларының облыс дамуы бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы баяндамалары.
  2. Облыстық мәслихаттың кезекті 15 сессиясына енгізілген шешімдердің жобаларын қарау.

Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында мына мәселелер қаралды:

  1. 2021 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті алдын ала қарау.
  2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бірінші басшыларының облыс дамуы бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы баяндамалары.
  3. Облыстық мәслихаттың кезекті 15 сессиясына енгізілген шешімдердің жобаларын қарау.

Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында мына мәселелер қаралды:

  1. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру туралы.
  2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бірінші басшыларының облыс дамуы бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы баяндамалары.
  3. Облыстық мәслихаттың кезекті 15 сессиясына енгізілген шешімдердің жобаларын қарау.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.