Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесін  сайлау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10, 19 баптарына сәйкес және  Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 3/439 Қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының шығып кеткен мүшесінің орнына облыстық сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы хабарлайды.

Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия тұрған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс. 

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының тұрған орны: Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 61.

Саяси партиялардан ұсыныстарды Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты 2022 жылдың 12 ақпанына дейін қабылдайды.

Материалдарды жинауға жауаптылар – Л.Қ. Құсайынова., тел.71-31-96, С.Ә. Мамырбекова – 71-31-97.

 

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы               
Д. Рыпаков