2022 жылы 24 қаңтарда Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс он бесінші сессиясы өтті

2022 жылы 24 қаңтарда Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс он бесінші сессиясы өтті

Кезектен тыс сессияны шақыруға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлының кезектен тыс сессияны шақыру туралы хаты негіз болды.

Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың 9 депутаты, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлы, облыс әкімі аппаратының басшысы Аймукашев Е.К., аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның күш құрылымдарының өкілдері қатысты.

Аудандық мәслихатының сессиясында келесі мәселелер қаралды:

1. Глубокое ауданы әкімінің лауазымына тағайындауға келісім беру туралы.

Ахметов Даниал Кенжетайұлы – Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

2. Б.М. Камзиновтың депутаттық уәкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлы Глубокое ауданының әкімі лауазымына үміткер Тумашинов Эльдар Луқбекұлын ұсынды.

Тумашинов Эльдар Луқбекұлы 1987 жылы 06 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы, Большенарым ауылында дүниеге келді.

«Экономика» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі» мамандықтары бойынша 2 жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2012 жылы бастаған.

Әр жылдары жұмыс істеді: ««Kazenеrgy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі департаментінің сарапшы-талдаушысы, Астана қ., «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент мектебі жеке мекемесінің Алматы филиалының директоры, Алматы қ., Астана қаласындағы "СЕМИНКО" ЖШС директоры. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап «Ертіс «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының қызметін атқарды.

Депутаттар Тумашинов Эльдар Лұқбекұлын Глубокое ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім берді.

Барлық мәселелер бойынша шешімдер бірауыздан қабылдады.