2021 жылғы 28 желтоқсанда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы өтті

2021 жылғы 28 желтоқсанда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы өтті

Сессия жұмысына Шемонаиха ауданының әкімі Г.И. Акулов, аудандық бөлімдердің, басқамалардың басшылары және ауданның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің әкімдері қатысты.
Сессияда 2022-2024 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының бюджеті қабылданды, ол жөнінде экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.М. Самойлова баяндады, бюджетті қалыптастыру көздері және функционалдық топтардың жоспарланған шығыстарымен таныстырды.
«2022 - 2024 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының қала, кенттер және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» мәселесі бойынша А.М. Самойлова сөз сөйлеп, қала, кенттер және ауылдық округтер бюджетінің кіріс және шығыс бөліктері туралы хабардар етті.
Жер қатынастары бөлімінің басшысы С. Ю. Миненко «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру туралы» есебімен сөз сөйледі, ол ауданда жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемге деген қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешім қабылданды, онда шығындарды өндіріп алу мөлшері әр мүгедек балаға алты айлық есептік көрсеткішке тең.
Шемонаиха аудандық мәслихаты хатшысының есебі тыңдалды, аудандық мәслихаттың 2022 жылға арналған жұмыс жоспары, Шемонаиха аудандық мәслихатының регламенті қарастырылды және бекітілді.
Басқа да бірқатар мәселелер қаралды, олар бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.