2026 жылғы 30 қыркүйекте Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс LIII сессиясы өтті

2026 жылғы 30 қыркүйекте Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс LIII сессиясы өтті

2026 жылғы 30 қыркүйекте Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс елу үшінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, бөлімдер мен басқармалардың басшылары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері қатысты.

«Шемонаиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 43/2-VIII «Шемонаиха ауданының қала, кенттер және ауылдық округтерінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Самойлова А.М. cөз сөйледі. Ол қаланың, кенттер мен ауылдық округтердің меншікті кірістерінің ұлғаюы, ағымдағы жылдың 9 айының бюджетінің орындалу қорытындылары бойынша бюджет қаражаты үнемделуініңбөлінуі, сондай-ақ ағымдағы және күрделі шығыстарға қосымша қаражат бағыттау туралы хабарлады.

Шемонаиха аудандық мәслихатының сессиясы пленарлық отырыс форматында өтіп, Instagram әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастырылды.

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/shemonaihamaslikhat/press/news/