
Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағанов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.
Сессия отырысында келесі мәселелер қаралды:
1. «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/206-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
3. Шығыс Қазақстан облысының жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы.
4. «Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 18 қарашадағы № 25/202-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы № 23/265-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы.
7. «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
Сессия алдында облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІ сессиясына енгізілген «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/206-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын қарау және талқылау бойынша мәслихаттың уақытша комиссиясының отырысы болып өтті. Қаралған шешім жобасы бойынша уақытша комиссияның қорытындысы қабылданды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.