
Міне, жаз мезгілі де аяқталып, балаларды мектепке дайындайтын жауапты кезең келіп жетті. Биыл да дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысып, отбасыларға қолдау көрсету мақсатында өз үлесімді қостым. Ұлан, Марқакөл және Самар аудандарының балаларына мектеп сөмкелері мен сыйлықтар табыстадым. Бұл сыйлықтар жаңа оқу жылының жақсы бастамасына айналып, балаларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп сенемін.
Барша оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтаймын! Балалар білім көкжиектерін кеңейтіп, жақсы бағалар алып, жаңа достарымен биік белесті бағындыруларына тілектеспін. Ал ата-аналарға сабырлылық, балаларының әр жетістігіне қуаныш пен мақтаныш, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілеймін!
Жаңа оқу жылы әр бала үшін табысты әрі жетістіктерге толы болсын!