2026 жылғы 27 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XХX сессиясы өтті

2026 жылғы 27 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XХX сессиясы өтті

Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағанов, облыс әкімі аппаратының басшысы, облыстық басқармалардың, департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері қатысты.

Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимінде (LIVE) Интернет желісінде көрсетілді. Трансляцияға сілтемелер облыс әкімдігі мен мәслихатының сайттарында орналасқан.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1. Облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі.

Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

2. Әртүрлі мәселелер:

1) Шығыс Қазақстан облысының 2026-2030 жылдарға арналған тұрғынжайларды реновациялау бағдарламасын бекіту туралы

2) Шығыс Қазақстан облысының өңірлік нышанын бекіту туралы;

3) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 16/125-VІІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы;    

4) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы;

5) «Қылмыстық жазаны және қылмыстық –құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 17/247-ІІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

6) Шығыс Қазақстан облысының  қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы;

7) «Облыстық жер комиссиясы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 19/166-VІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

8) «Шығыс Қазақстан облысының облыс орталығында, облыстық және  аудандық маңызы бар қалаларында, облыс кенттері мен ауылдық елді мекендерінде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 104 қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/30-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

9) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;

10)  «Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы;

11) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;

12) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;

13) Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы;

14) «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/98-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

15) «Шығыс Қазақстан облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/404-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Трансляцияға сілтеме:  https://youtube.com/live/TE7w1feO-Ck