
Бүгін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының: бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның; агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның; әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырыстары өтті.
Депутаттар бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында: «Шығыс Қазақстан облысына инвестициялар тартуға бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру туралы», «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау объектілерінің жай-күйін жақсартуға бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру туралы» мәселелерді қарады. Бірінші мәселе бойынша депутаттар алдында Шығыс Қазақстан облысы туризм және инвестициялар басқармасының инвестицияларды тарту бөлімінің басшысы М.Е.Ережепова сөз сөйледі. Екінші мәселе бойынша депутаттар облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.Х.Жігітаевты тыңдады.
Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында депутаттар ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.А.Мәмиевтің баяндамасын тыңдап, «Шығыс Қазақстан облысында сүтті мал шаруашылығын дамытудың жай-күйі туралы» мәселені талқылады.
Сондай-ақ, барлық тұрақты комиссиялардың отырыстарында облыстық мәслихаттың кезекті ХХХ сессиясына енгізілген шешімдердің жобалары қаралып, талқыланды.
Мәслихаттың кезекті ХХХ сессиясының күн тәртібіне енгізілген шешімдердің жобаларын егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, барлық тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында: құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары А.А.
Қайрақанова, Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары А.Т.Жұмабаева, Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы М.М.Құсайынов, ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Р.Т.Тұрысбек сөз сөйледі.